weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:00 / SportRoom / Жаңалықтар 17
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қырғызстан Қазақстанның Көшпенділер ойындарындағы жеңісін ресми мойындады

Бішкекте өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан жалпыкомандалық медаль кестесінде бірінші орын алғаны ресми түрде расталды. Қырғызстан тарапы медальдарды есептеу кезінде болған техникалық айырмашылық түзетілгенін хабарлады.

Қырғызстан Қазақстанның Көшпенділер ойындарындағы жеңісін ресми мойындады Қырғызстан Қазақстанның Көшпенділер ойындарындағы жеңісін ресми мойындады
Sports.kz

Бішкекте өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты. Қырғызстан президенті баспасөз хатшысы Аскат Алагозов бұл нәтижені ресми түрде жариялады.

Оның айтуынша, ойындар жоғары деңгейде өтіп, үлкен спорт мерекесіне айналған. Әсіресе кок-бору мен жер-улак жарыстары тартысты өтіп, қырғыз және қазақ командалары өзара бәсекені тек алаңда көрсеткен.

Алагозов медальдарды санау кезінде техникалық айырмашылық туғанын, соған байланысты ұйымдастыру комитеті Қазақстанның үш спортшысының медальдарын бөлек есептеу туралы шешім қабылдағанын айтты. Соның нәтижесінде жалпы командалық есепте бірінші орын Қазақстанға берілді.

«Қазақ бауырларымызды жеңісімен құттықтаймыз!»

Ол сондай-ақ қырғызстандық спортшылардың да осы ойындарда жақсы нәтиже көрсеткенін атап өтті. Алагозовтың сөзінше, мұндағы басты жеңіс — жарыстарды өзара құрмет пен адал бәсеке рухында өткізу.

Бұған дейін Қырғызстанның дене шынықтыру және спорт жөніндегі мемлекеттік агенттігі Көшпенділер ойындарында елдер арасында ресми медаль және жалпыкомандалық есеп жүргізілмейтінін мәлімдеген еді. Бұл түсіндірме Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қорытынды жүлде санына қатысты даудан кейін жасалды.

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы 74 медаль жеңіп алды: 32 алтын, 20 күміс және 22 қола. Ал World Nomad Games 2026 ресми инстаграм-аккаунтында алғашында Қырғызстанды алға шығарған кесте жарияланған, кейін ол жазба өшірілді.

.

Көп оқылды:

.
.