weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Күрес 10
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Азамат Бақытов Ташкенттегі жекпе-жекте бірінші раундта жеңілді

Қазақстандық Азамат Бақытов Ташкентте өткен IBA Nomad 16 турнирінде өзбекстандық Ислам Балтаевқа есе жіберді. Жекпе-жек бірінші раундта нокаутпен аяқталды.

Азамат Бақытов Ташкенттегі жекпе-жекте бірінші раундта жеңілді Азамат Бақытов Ташкенттегі жекпе-жекте бірінші раундта жеңілді
Sports.kz

Қазақстандық Азамат «Зло» Бақытов Ташкентте өткен IBA Nomad 16 турнирінде өзбекстандық Ислам Балтаевпен күш сынасты.

Орта салмақта өткен бұл жекпе-жек ММА қолғаптарымен, бокс ережесі бойынша және үш раундқа жоспарланған еді.

Кездесудің тағдырын бірінші раундтың өзінде-ақ өзбекстандық спортшы шешті. Ислам Балтаев нокаутпен жеңіске жетіп, лигадағы дебютін сәтті өткізді.

Ал Азамат Бақытов үшін бұл жеңіліс мансабындағы үшінші сәтсіздік болды. Бұған дейін оның Nomad Fighting лигасындағы көрсеткіші 3-2 еді.

Балтаевтың кәсіби мансабындағы нәтижесі қазір 9-4, ал Бақытовтың профи-ММА-дегі статистикасы 8-0 болып тұр.

.

Көп оқылды:

.
.