Халықаралық World Boxing ұйымы қазақстандық боксшы Бибарыс Аширбайдың Будвада (Черногория) өтіп жатқан 2026 жылғы юниорлар арасындағы әлем чемпионатындағы жеңісін атап өтті.
Ұйымның хабарлауынша, Аширбай аргентиналық Сантьяго Хименес Лоссоны тізе бүктіріп, 70 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалға жолдама алды.
Кездесу қазақстандық боксшының пайдасына 5:0 есебімен, төрешілердің бірауыздан шешімімен аяқталды.
«Қазақстандық Бибарыс Аширбай Аргентина өкілі Сантьяго Хименес Лоссоны ұтып, 70 келі салмақта 1/16 финалдан өтті», — делінген World Boxing жазбасында.
Енді Аширбай келесі жекпе-жегінде австралиялық Люк Нассифпен кездеседі. Бұл кездесуде әлем чемпионатының ширек финалына шығу жолдамаға тігіледі.
19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионаты 16–27 қазан аралығында Будвада өтіп жатыр.