Қазақстан футбол федерациясы 2030 жылғы футзалдан Еуропа чемпионатын өткізуге өтінім берді. Бұл туралы УЕФА-ның баспасөз қызметі мәлімдеді.
УЕФА-ға чемпионатты өткізуге қызығушылық танытқан жеті ұлттық қауымдастықтан өтінім түсті. Олардың қатарында Хорватия, Финляндия, Франция, Грузия, Қазақстан, Польша және Испания бар.
Хорватия мен Испания бұған дейін футзалдан Еуропа чемпионатын қабылдаған. Ал қалған бес мемлекет үшін бұл финалдық кезеңді алғаш өткізу мүмкіндігі болмақ.
Турнирді өткізуге қатысты соңғы өтінімдер 2027 жылғы 8 маусымға дейін тапсырылуы тиіс. Ал УЕФА Атқару комитеті қожайын елді 2027 жылғы қыркүйекте анықтайды.
Айта кетейік, УЕФА бұған дейін Астананың 2027 жылғы футзалдан 19 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатының финалдық кезеңін қабылдайтынын ресми түрде бекіткен еді. Бұл турнирдің матчтары 2027 жылдың күзінде өтеді.