2026 жылғы Астанада өтетін әлем чемпионатында грек-рим күресінен Қазақстан балуандарының алғашқы қарсыластары белгілі болды. Жеребе қорытындысы бойынша отандық спортшыларға түрлі елдің өкілдері жолығады.
55 келіде Ильдар Құрбаев жапониялық К. Окамотомен күреседі. 60 келіде Айдос Сұлтанғалиға А. Аллахьяров (Ресей) немесе Дж. Вализаде (босқындар құрамаcы) қарсылас атануы мүмкін. 63 келіде Мейрамбек Айнагүлов М. Лиумен (Украина) кездеседі.
67 келі салмақта Багдат Сабаз Р. Бейшекеевпен (Қырғызстан) белдеседі. 72 келіде Әділхан Аманбекке А. Милевчик (Польша) немесе П. Пуклавец (Хорватия) түседі. 77 келіде Максат Маулитканов Оңтүстік Корея спортшысы Х. Кангпен күш сынасады.
82 келіде Ислам Магомедов Л. Дариоцциге (Италия) қарсы шығады. 87 келіде Нұрсұлтан Түрсынов Дж. М. Ханмен (Катар) белдеседі. Ал 130 келіде Олжас Сырлыбайға Ф. Хедаяти (Иран) немесе Р. Фридрикас (Литва) қарсылас болуы мүмкін.
Әлем чемпионаты 2026 жылдың 24 қазанынан 1 қарашасына дейін Астанада өтеді. Тоғыз күнге созылатын додада еркін, әйелдер және грек-рим күресі бойынша шамамен 900 балуан бақ сынайды. Турнирде әр стильдің 10 салмағында барлығы 120 медаль сарапқа салынады.