weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Елена Рыбакина Нинбода жартылай финалға шықты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытайдағы Нинбо турнирінің ширек финалында польяк теннисшісі Катажина Каваны жеңді. Енді ол жартылай финалда Диана Шнайдермен кездеседі.

Елена Рыбакина Нинбода жартылай финалға шықты Елена Рыбакина Нинбода жартылай финалға шықты
Sports.kz

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды.

Ширек финалда ол әлемдік рейтингте 128-орында тұрған Польша өкілі Катажина Кавамен кездесті. Матч 6:1, 3:6, 6:1 есебімен Рыбакинаның пайдасына аяқталды. Кездесу 1 сағат 45 минутқа созылды.

Рыбакина жарысты екінші айналымнан бастаған еді. Ол бұл кезеңде Өзбекстан өкілі Полина Кудерметовамен ойнады, алайда алғашқы сетте есеп 5:0 болғанда қарсыласы матчты жалғастырудан бас тартты.

Ал Кава бұған дейін швейцариялық Белинда Бенчичті 7:5, 6:2 есебімен сенсациялық түрде ұтып, мансабында алғаш рет әлемнің үздік 20 теннисшісінің біріне қарсы жеңіске жеткен болатын.

Енді Рыбакина жартылай финалда Диана Шнайдермен кездеседі. Шнайдер ширек финалда америкалық Ива Йовичті 6:3, 4:6, 6:1 есебімен жеңді.

Айта кетейік, Елена Рыбакина Нинбо турниріне действующий чемпион ретінде келген. Жарыс ашық хард төсенішінде өтіп жатыр және 25 қазанда аяқталады.

.

Көп оқылды:

.
.