weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Хоккей 20
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Торпедо» «Номадты» 7:1 есебімен ұтып, көшбасшылығын нығайтты

Өскеменнің «Торпедосы» сырт алаңда ел чемпионы астаналық «Номадты» ірі есеппен жеңді. Осылайша команда Қазақстан чемпионатының тұрақты кезеңіндегі көшін жалғастырды.

«Торпедо» «Номадты» 7:1 есебімен ұтып, көшбасшылығын нығайтты «Торпедо» «Номадты» 7:1 есебімен ұтып, көшбасшылығын нығайтты
Sports.kz

Өскеменнің «Торпедо» командасы сырт алаңда астаналық «Номадты» 7:1 есебімен ойсырата ұтып, Қазақстан чемпионатының тұрақты кезеңіндегі көшбасшылығын күшейтті.

Матчтың басында «Номад» есеп ашты: жетінші минутта Абай Маңғысбаев көзге түсті. Алайда бірінші кезеңнің аяқталуына санаулы секундтар қалғанда Михаил Рахманов таразы басын теңестірді.

Екінші кезеңде Саян Данияр екі рет қатарынан сан басымдығын тиімді пайдаланып, 23 және 25-минуттарда гол соқты. Одан кейін Максим Мұхаметов қонақтардың басымдығын үш шайбаға жеткізді.

41-минутта Данияр тағы да артық құрамда дәл соғып, хет-трик авторы атанды. Одан соң Илья Рыжий мен Данил Бутенко шайба енгізіп, есепті ірі айырмаға жеткізді.

Осы ойында «Торпедо» төрт шайбаны сан басымдығында соқты. Команданың қоржынында қазір 56 ұпай бар.

«Торпедо» екінші орында тұрған «Арланнан» тоғыз ұпай озып келеді. 45 ұпай жинаған «Номад» үшінші сатыда тұр.

.

Көп оқылды:

.
.