weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Хоккей 19
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Кирилл Капризов «Миннесота» сапында клуб рекордын жаңартты

Кирилл Капризов НХЛ-де «Миннесота Уайлд» клубының нәтижелі сериясы бойынша жаңа рекорд орнатты. Ол «Сан-Хосе Шарксқа» қарсы ойында бір гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Кирилл Капризов «Миннесота» сапында клуб рекордын жаңартты Кирилл Капризов «Миннесота» сапында клуб рекордын жаңартты
Sports.kz

«Миннесота Уайлд» шабуылшысы Кирилл Капризов Ұлттық хоккей лигасында клуб тарихындағы жаңа рекордқа қол жеткізді.

24 қараша күні Қазақстан уақытымен өткен сырт алаңдағы матчта «Миннесота» «Сан-Хосе Шарксты» 5:2 есебімен жеңді. Сол кездесуде Капризов бір шайба соғып, үш нәтижелі пас беріп, төрт ұпай жинады.

Осылайша, 29 жастағы хоккейші нәтижелі сериясын 15 матчқа дейін жеткізіп, «Миннесотаның» тарихындағы жаңа межені белгіледі. Бұған дейінгі рекорд та оның еншісінде еді: ол 2022/23 маусымында 9 қарашадан 9 желтоқсанға дейін 14 ойын қатарынан ұпай жинаған болатын.

Қазіргі 15 матчтық серия барысында Капризов 32 ұпай жинады: 8 гол және 24 нәтижелі пас.

Ойынға дейінгі есеп бойынша, биылғы маусымда ол 26 матч өткізіп, 19 шайба соғып, 30 нәтижелі пас берген. Жалпы қоржынында 49 ұпай бар.

«Сан-Хосеге» қарсы кездесуде «Миннесотаның» тағы бір ойыншысы Юэль Эрикссон Эк те дубль жасады. Сонымен бірге клуб бұл матчта НХЛ тұрақты чемпионатындағы ұпай жинау сериясы бойынша да өз рекордын жаңартты: команда негізгі уақытта 15 матч қатарынан жеңілмей, осы аралықта 12 рет жеңіске жетті және үш рет негізгі уақыттан тыс жеңіліс тапты.

.

Көп оқылды:

.
.