weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Хоккей 18
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Кирилл Капризов Гретцкидің НХЛ-дегі тарихи жетістігіне жақындай түсті

«Миннесота Уайлд» шабуылшысы Кирилл Капризов «Сан-Хосе Шаркске» қарсы ойында 4 ұпай жинап, Уэйн Гретцкидің сирек қайталанған көрсеткішіне бір табан жақындады. Ол қатарынан алты матчта кемі екі нәтижелі пас беріп, НХЛ тарихындағы тоғызыншы ойыншы атанды.

Кирилл Капризов Гретцкидің НХЛ-дегі тарихи жетістігіне жақындай түсті Кирилл Капризов Гретцкидің НХЛ-дегі тарихи жетістігіне жақындай түсті
Sports.kz

«Миннесота Уайлд» шабуылшысы Кирилл Капризов Ұлттық хоккей лигасында аңызға айналған Уэйн Гретцкидің тарихи жетістігіне жақындай түсті.

Гостевой матчта «Сан-Хосе Шарксқа» қарсы ойында «Миннесота» 5:2 есебімен жеңіске жетті. Осы кездесуде 29 жастағы шабуылшы 4 ұпай жинады: 1 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.

Осының арқасында Капризов қатарынан алты матчта кемі екі нәтижелі пас беру сериясын жалғастырды. Бұл аралықта ол 15 ассист жасады.

Капризов НХЛ тарихында мұндай көрсеткішке жеткен небәрі тоғызыншы ойыншы болды. Бұдан ұзақ серия тек Уэйн Гретцкиде ғана болған: канадалық хоккейші 1984/1985 маусымында қатарынан сегіз матчта кемі екі нәтижелі пас берген.

Қазіргі регулярлық чемпионатта «Миннесотаның» көшбасшысы 26 матчта 49 ұпай жинады: 19 гол және 30 нәтижелі пас. Келесі ойында «Уайлд» 26 қарашада өз алаңында «Юта Маммотпен» кездеседі.

.

Көп оқылды:

.
.