weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Футбол 18
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Кубок Америкасы 2028 жылы АҚШ-та өтетіні ресми түрде жарияланды

Оңтүстік Америка мен Солтүстік, Орталық Америка және Кариб теңізі футбол конфедерациялары Кубок Америкасы-2028 турнирін АҚШ қабылдайтынын растады. Жарыс 2028 жылдың 9 маусымы мен 9 шілдесі аралығында өтеді.

Кубок Америкасы 2028 жылы АҚШ-та өтетіні ресми түрде жарияланды Кубок Америкасы 2028 жылы АҚШ-та өтетіні ресми түрде жарияланды
Sports.kz

Оңтүстік Америка футбол конфедерациясы мен Солтүстік, Орталық Америка және Кариб теңізі футбол конфедерациясы Кубок Америкасы-2028 турнирінің АҚШ-та өтетінін ресми түрде бекітті.

49-рет ұйымдастырылатын дода 2028 жылдың 9 маусымынан 9 шілдесіне дейін жалғасады. Турнирге 16 құрама қатысады: оның 10-ы КОНМЕБОЛ өкілдері, ал 6-еуі КОНКАКАФ құрамалары болады.

Бұл алты команда 2027 жылғы Алтын кубок нәтижесі арқылы, яғни спорттық іріктеу принципімен анықталады.

Қос конфедерация өкілдері Кубок Америкасын АҚШ-та өткізу 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін өңірдегі футболға қызығушылықты одан әрі күшейтіп, Солтүстік Американың ірі халықаралық турнирлер өтетін алаң ретіндегі мәртебесін нығайта түсетінін атап өтті.

АҚШ Кубок Америкасын өз тарихында үшінші рет қабылдайды. Бұған дейін бұл турнир ел аумағында 2016 және 2024 жылдары өткен. Қазіргі чемпион — финалда Колумбияны қосымша уақытта 1:0 есебімен жеңген Аргентина құрамасы.

Нынешним летом США принимал чемпионат мира по футболу 2026 года.
.

Көп оқылды:

.
.