25 жастағы америкалық боксшы Диего Пачеко Дариус Фулгамнан күтпеген жеңілістен кейін жанкүйерлеріне мәлімдеме жасады. Ол төрешілердің бірауызды шешімімен ұтылып, кәсіби рингтегі алғашқы жеңілісіне ұшырады.
Пачеко бұл нәтижені сәтсіздік деп қабылдағанымен, алға қойған мақсаты өзгермейтінін айтты. «Кішкентай ғана сәтсіздік — үлкен қайтарымның алдында. Мен кеше өзіме ұқсамадым, бірақ әлдеқайда күштірек болып ораламын», — деді ол.
Боксшы өзіне қолдау көрсеткен отбасысына, командасына және кездесуге келген жанкүйерлерге алғыс айтты. Сонымен бірге ол бұл жеңілісті сабырмен қабылдап, қайтадан шаршы алаңға оралатынын мәлімдеді.
Пачеко Фулгамға дейін екінші орта салмақтағы ең үмітті боксшылардың бірі саналып келген және оның қоржынында 26 жеңіс болған. Енді америкалық спортшы мансабындағы алғашқы ауыр сынақ оның дамуына көмектесе ме, әлде сәтсіздіктердің бастамасына айнала ма — соны дәлелдеуі керек.
Айта кетерлігі, Пачеко дәл қазір Жәнібек Әлімханұлы да көшуге дайындалып жатқан екінші орта салмақта жұдырықтасады. Қазақ боксшысының вакантты WBO әлем чемпионы титулы үшін датиялық Якоб Банкпен жекпе-жегі 2027 жылғы 23 қаңтарға жоспарланған.