Қазақстан құрамасының ауыр атлеті Алексей Чуркин Қытайдың Нинбо қаласында өткен 2026 жылғы әлем чемпионатында төртінші орын алды.
Чуркин 85 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Жұлқа көтеруде ол 168 килограмм тіркесе, серпе көтеруде 210 килограмм зілтемірді еңсерді.
Қос жаттығудың қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы 378 килограмм жинап, жүлдеге өте жақын тоқтады.
Бұл сында чемпион атағын Мысыр өкілі Мохамед Абдельрахман Эльсайед жеңіп алды — оның нәтижесі 390 килограмм. Күміс жүлде колумбиялық Йейсон Лопеске бұйырды — 387 килограмм. Қола медаль Қытай спортшысы Лэй Цзяньцинге тиесілі болды — 382 килограмм.
Тағы бір қазақстандық зілтемірші Едиге Емберды жарысты 16-орынмен аяқтады. Ол жұлқа көтеруде 157 килограмм, серпе көтеруде 198 килограмм тіркеп, жалпы 355 килограмм нәтижеге қол жеткізді.