weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Күрес 29
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алтын Шағаева әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық балуан Алтын Шағаева 59 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға жолдама алды. Ол ширек финалда Польша спортшысын 5:1 есебімен жеңді.

Алтын Шағаева әлем чемпионатының жартылай финалына шықты Алтын Шағаева әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Sports.kz

Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Алтын Шағаева Астанада өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатында жартылай финалға шықты.

59 келіге дейінгі салмақта өткен ширек финалда Шағаева Польша балуаны Йовита Вжесеньді 5:1 есебімен ұтты. Енді ол финал жолдамасы үшін үндістандық Манишаға қарсы күреседі.

Алтын Шағаева жарысты да сәтті бастаған еді. Ол алғашқы белдесуінде Түркия өкілі Бедиха Гюнді 3:1 есебімен жеңді.

Әйелдер арасындағы 59 келі салмақтағы жартылай финалдық белдесулер бүгін 16:30-да басталады. Финалдық кездесулер 30 қазанға жоспарланған.

.

Көп оқылды:

.
.