Қазақстандық боксшы Бибарыс Аширбай Черногорияның Будва қаласында өткен 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы әлем чемпионатының финалында шаршы алаңға шықты.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің шешуші жекпе-жегінде Аширбай Ирландия өкілі Джон Донохьюмен жұдырықтасты. Үш раундтан кейін төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіс 5:0 есебімен Донохьюге берілді.
Осылайша, Джон Донохью әлем чемпионы атанса, Бибарыс Аширбай күміс медальмен жарысты аяқтады.
Будвадағы әлем біріншілігіне 69 ұлттық федерациядан 474 боксшы қатысты. Жүлделер 10 әйелдер және 10 ерлер салмақ дәрежесінде сарапқа салынды.