Қазақстандық теннисші, әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Азиядағы WTA туры кезінде мазалаған аяғының жарақаты туралы пікір білдірді.
Оның айтуынша, US Open-нен кейін көп жол жүріп, турнирдегі эмоциялық жүктеменің де салмағы сезілген. Сол себепті оған демалыс қажет болған. Сонымен қатар, саяхат көп болып, толыққанды жаттығуға мүмкіндік болмаған.
«Стопамдағы мәселе әлі де бар — кейде күшейеді, кейде басылады. Қазір өзімді сәл жақсырақ сезініп жүрмін. Сондықтан Пекин турнирі мен үшін сәтті бола қойған жоқ. Бірақ демалыс, дұрыс қалпына келу және денеме арналған жаттығулардан кейін жағдайым жақсарды», — деді Рыбакина баспасөз мәслихатында.
Теннисші алдағы Итоговый турнирге дейін бабына еніп, ең жақсы деңгейін қайта тапқысы келетінін айтты. Еске салайық, өткен аптада ол Қытайдың Нинбо қаласындағы турнирде чемпион атанған еді, ал осы аптада Жапонияның Токио қаласындағы WTA 500 жарысына қатыспақ.