Атыраулық «Бейбарыс» ресейлік қорғаушы Денис Ванин мен шабуылшы Андрей Крутенковты қатарға қосты.
32 жастағы Ванин — Челябідегі «Трактор» мектебінің түлегі. Ол бұған дейін Құрлықтық хоккей лигасының қосалқы чемпионатында тәжірибе жинап, «Молот», «Южный Урал», «Рязань-ВДВ», «Олимпия» және Воронеждің «Буран» командаларында ойнаған. Өткен маусымда ол ВХЛ-дың тұрақты чемпионатында 45 матчқа қатысып, 8 (3+5) ұпай жинады.
20 жастағы Крутенков Челябі қаласында туған. Шабуылшымен жасалған келісімшарт маусым соңына дейін есептеледі. Бұған дейін ол жастар хоккей лигасында «АКМ-Новомосковск» пен «Сахалинские Акулa» сапында өнер көрсетті. Сахалин командасында 35 матчта 15 (10+5) ұпайға қол жеткізді.
Қазір «Бейбарыс» Қазақстан чемпионатында 8-орында келеді, қоржынында 8 ұпай бар. Атырау клубы келесі кездесуін 12 қазанда сырт алаңда «Ақтөбеге» қарсы өткізеді.