weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Хоккей 8
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Алматы» сырт алаңда «Бейбарысты» 4:1 есебімен ұтты

Қазақстан хоккей чемпионатында «Алматы» атыраулық «Бейбарысты» 4:1 есебімен жеңді. Жеңіс қонақтарды турнир кестесінде жетінші орынға көтерді.

«Алматы» сырт алаңда «Бейбарысты» 4:1 есебімен ұтты «Алматы» сырт алаңда «Бейбарысты» 4:1 есебімен ұтты
Sports.kz

Қазақстан хоккей чемпионатындағы кезекті матчта «Алматы» сырт алаңда атыраулық «Бейбарысты» 4:1 есебімен тізе бүктірді.

Кездесуде алдымен алаң иелері есеп ашты: 7-минутта Артур Гусев көзге түсті. Алайда екінші кезеңде Артём Бурделёв сан басымдығын сәтті пайдаланып, таразы басын теңестірді.

Одан кейін Владимир Корчагин 29-минутта «Алматыны» алға шығарса, Евгений Рымарев 36-минутта тағы бір гол соғып, қонақтардың басымдығын ұлғайтты.

Соңғы нүктені де Рымарев қойды. Ол 58-минутта дубль жасап, матчтағы есепті 4:1-ге жеткізді.

Осы жеңістен кейін «Алматының» еншісінде 16 ұпай болды да, команда турнир кестесінде жетінші орынға орнықты. «Бейбарыс» алты ұпаймен сегізінші сатыда тұр.

Қосымша матч 7 қазанда Атырауда өтеді. Кездесу жергілікті уақытпен 19:00-де басталады.

.

Көп оқылды:

.
.