Бұрын абсолютті әлем чемпионы атанған мексикалық Сауль Альварес келесі жекпе-жегін 31 қазанда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткізеді.
Оның қарсыласы — Камерунда туған француз боксшы Кристиан Мбилли. Екеуі WBC нұсқасы бойынша 76,2 келіге дейінгі салмақтағы әлем чемпионы атағын сарапқа салады.
Альварес бұған дейін екінші орта салмақта абсолютті чемпион болған. Енді ол тағы бір чемпиондық белбеуді қайтаруға мүмкіндік алады.