Дубайда (БАӘ) өткен PFL Dubai турнирінде ауыр салмақтағы чемпиондық белдік үшін өткен жекпе-жек үлкен сенсациямен аяқталды. Ресейлік Вадим Немков пен Сергей Билостенный арасындағы айқас бес раундқа жоспарланған еді.
Кездесуде Билостенный төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті. Қарсыласы айқын фаворит саналған Немков осы жекпе-жекте титулын қорғап қала алмады.
Осылайша, Сергей Билостенный кәсіпқой мансабындағы 16-шы жеңісіне қол жеткізіп, PFL-дің ауыр салмақтағы чемпионы атанды. Ал Вадим Немков профи-ММА-дегі үшінші жеңілісіне ұшырап, белбеуінен айырылды.