Астанада ерлер мен әйелдер арасындағы ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күндерінің қорытындысы бойынша төрт салмақ дәрежесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
49 келіге дейін салмақта Айнұр Абдықалқова (Жамбыл облысы) топ жарды — 144 (64+80) келі. Екінші орынға Қостанай облысының өкілі Ирина Чумак (130 кг), үшінші орынға Қызылорда облысынан Фатима Төребаева (127 кг) көтерілді.
53 келіге дейін Айгерім Аулбек (Жетісу облысы) жеңімпаз атанды — 163 (73+90) келі. Виктория Мурашкина (Қостанай облысы) күміс жүлде алса, қола медаль Олеся Теренюкке (Қарағанды облысы) бұйырды.
60 келіге дейін Отепберген Әлиев (Батыс Қазақстан облысы) 264 (123+141) келі нәтижесімен бірінші орын алды. Алексей Дроздов (Алматы облысы) екінші, Азамат Төлеген (Қызылорда облысы) үшінші орынға тұрақтады. 65 келіге дейін Мухаммедали Қойшыбек (Қызылорда облысы) 258 (108+150) келі көтеріп, чемпион атанды.
Бұл салмақта Никита Журавлев (Қостанай облысы) екінші, Абылай Анамбай (Жетісу облысы) үшінші орын алды. Алдағы жарыс күндерінде басқа салмақ дәрежелеріндегі бәсеке жалғасады.