Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) орта салмақтағы WBC чемпионы Карлос Адамеспен (25-1-1, 18 КО) айқасқа дайын екенін айтты. Сондай-ақ ол бұл жекпе-жектің наурыз айында өткенін қалайтынын жеткізді.
Нұрсұлтанов Адаместі үш жылға жуық күткенін атап өтіп, рингке шығуға әзір екенін ашық білдірді.
— Мен бұл жігітті үш жыл бойы, дерлік үш жыл күттім. Мен дайынмын. Осы жекпе-жекті ұйымдастырайық, болды, — деді Мейірім.
Сұхбат барысында қос боксшының бір кезеңде Роберт Гарсияның залында жаттыққаны да айтылды. Алайда олар ол жерде әртүрлі уақытта болған.
Нұрсұлтановқа Адаместің ірі денелі спортшы екені де еске салынды. Қазақстандық боксшы мұның өзіне әсер етпейтінін, кез келген қарсыласқа қарсы тұруға дайын екенін айтты.
— Мен бәріне дайынмын. Барлығы да солай айтады, — деді ол.
Жекпе-жек қашан өтсе деген сұраққа Нұрсұлтанов: «Наурызда деп үміттенемін», — деп жауап берді.
Ал Адамес қасындағы адамға не дер едіңіз деген сауалға қазақстандық боксшы қысқа қайырды: «Кеттік!» және «Кәне, жұдырықтасайық!» деді.