weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Жаңалықтар 27
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстан жасөспірімдер Олимпиадасында сегіз медаль жеңіп алды

Дакарда өткен 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан құрамасы 2 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль иеленді. Жүлделер алты түрлі спорт түрінен түсті.

Қазақстан жасөспірімдер Олимпиадасында сегіз медаль жеңіп алды Қазақстан жасөспірімдер Олимпиадасында сегіз медаль жеңіп алды
Sports.kz

Қазақстан құрамасы Сенегалдың Дакар қаласында өткен 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасын сегіз медальмен аяқтады. Ел қоржынына 2 алтын, 3 күміс және 3 қола жүлде түсті.

Алғашқы алтын медальді 52 келіге дейінгі салмақта дзюдошы Фатима Супыгалиева әкелді. Екінші алтынды жеке шосселік жарыста, раздельді стартпен жарысқан велошабандоз Анель Ташбай жеңіп алды.

Күміс жүлдегерлер қатарында 57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен боксшы Ақнұр Тұрсынғали, 70 келіге дейінгі салмақтағы Бибарыс Ашырбай және семсерлесуші Айбар Қайым бар. Айбар Қайымның медалі Қазақстан үшін Дакардағы сегізінші жүлде болды.

Қола медаль боксшы Марал Төлепбергенге, 63 келіден жоғары салмақтағы таэквондошы Любовь Юнге және триатлоншы Рамазан Айнеговке бұйырды.

Қазақстан бұл додаға 11 спорт түрінде 18 спортшыны қосты. Құрама алты дисциплинада медаль алып, жалпыкомандалық есепте 22-орынға тұрақтады.

.

Көп оқылды:

.
.