weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:10 / SportRoom / Хоккей 8
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Барыс» сырт алаңда «Ладаны» 6:0 есебімен тас-талқан етті

Астаналық «Барыс» ҚХЛ-дың жаңа маусымындағы алғашқы сырт алаң матчында тольяттиндік «Ладаны» ірі есеппен жеңді. Қонақтар үш кезең бойы басымдықты толық өз қолында ұстап, қақпаға жауапсыз алты шайба енгізді.

«Барыс» сырт алаңда «Ладаны» 6:0 есебімен тас-талқан етті «Барыс» сырт алаңда «Ладаны» 6:0 есебімен тас-талқан етті
Sports.kz

Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымындағы алғашқы сырт алаң кездесуінде Тольяттидің «Ладасын» 6:0 есебімен ұтты.

Матчта қазақстандық клуб бірінші кезеңде Джейк Массидің голымен алға шықты. Екінші кезеңде Джастин Бэйли мен Семен Симонов есепті ұлғайтса, үшінші кезеңде Иэн Маккошен, Джастин Бэйлидің екінші шайбасы және Тайс Томпсонның голы жеңісті ірі қылды.

Михаил Кравец бұл ойында мына құрамды шығарды: Шепард (Шутов) — Масси-Дэй, Морелли-Пилон-Дэйли; Приски-Данияр, Савицкий-Томпсон-Кайыржан; Маккошен-Бекетаев, Симонов-Логвин-Ляпунов; Бритиков, Омирбеков-Муратов-Асетов.

«Лада» — «Барыс» 0:6 (0:1, 0:2, 0:3)

Шайбалар: 0:1 — 18:12 Масси (Омирбеков, Муратов). 0:2 — 21:00 Бэйли (Кайыржан). 0:3 — 39:14 Симонов (Ляпунов, Бекетаев). 0:4 — 46:01 Маккошен (Савицкий). 0:5 — 53:04 Бэйли. 0:6 — 55:14 Томпсон (Приски).

Қақпашылар: Подскребалин 00:00–40:00, Мишуров 40:00–60:00 — Шепард. Екі команда ойыншылары жалпы 14 минут және 4 минут айып алды.

18 қыркүйекте «Барыс» сырт алаңда Магнитогорскінің «Металлургімен» кездеседі.

.

Көп оқылды:

.
.