weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Бокс 25
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының финалистер саны бойынша үздік үштікке енді

Будвада өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы финалистер саны бойынша үздік үш елдің қатарына кірді. Жартылай финалда жеңіске жеткен төрт қазақстандық спортшы шешуші жекпе-жекке жолдама алды.

Қазақстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының финалистер саны бойынша үздік үштікке енді Қазақстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының финалистер саны бойынша үздік үштікке енді
Sports.kz

Будвада (Черногория) өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы финалистер саны бойынша үздік үштіктің қатарына енді.

Шешуші бәсекелерде ел намысын төрт боксшы қорғайды. Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша Қытаймен үшінші орынды бөлісіп тұр.

Бірінші орында Ресей құрамасы келеді. Бұл елдің он спортшысы финалда жұдырықтасады. Екінші орында — алты финалисті бар Өзбекстан.

Қазақстан сапынан Бибарыс Аширбай (70 келіге дейін), Зарина Толыбай (80 келіден жоғары), Алина Құдайгенова (57 келіге дейін) және Владислав Саможонов (90 келіден жоғары) финалға шықты. Олардың бәрі жартылай финалдағы айқастарында жеңіске жетті.

U19 әлем чемпионаты 16-27 қазан аралығында World Boxing ұйымының эгидасымен өтуде. Финалдық жекпе-жектер 27 қазанда ұйымдастырылады.

.

Көп оқылды:

.
.