weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Күрес 22
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ислам Махачев жарақат алып, UFC-дің титулдық жекпе-жегі кейінге қалуы мүмкін

UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Ислам Махачев жарақат алды. Соның салдарынан Торонто турниріндегі басты айқасқа қатысты жоспар өзгеруі ықтимал.

Ислам Махачев жарақат алып, UFC-дің титулдық жекпе-жегі кейінге қалуы мүмкін Ислам Махачев жарақат алып, UFC-дің титулдық жекпе-жегі кейінге қалуы мүмкін
Sports.kz

UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Ислам Махачев жарақат алып қалды.

Violent Rounds таратқан мәліметке қарағанда, жарақаттың нақты сипаты әзірге жария етілмеген. Осыған байланысты UFC Торонто турнирі үшін жаңа басты жекпе-жек іздеп жатыр.

Бұған дейін Махачев пен бразилиялық үміткер Карлос Пратес арасындағы титулдық кездесу UFC 336 турнирінің негізгі оқиғасы болуы мүмкін екені айтылған еді.

Бұл жекпе-жек Торонто қаласында 2027 жылғы 30 қаңтарда өтуі тиіс болатын. Алайда соңғы деректерге қарағанда, бұл жоспар іске аспай қалуы мүмкін.

UFC басшысы Дана Уайт әлі ресми түрде кездесу тоқтатылғанын растаған жоқ. Ал Махачевтің менеджері Ризван Мұхамедов те қаңтар айындағы Пратеспен айқас туралы әңгімелер шындыққа жақын болмағанын атап өткен.

.

Көп оқылды:

.
.