«XDS Astana Team» Италиядағы біркүндік «Джиро делла Тоскана» жарысында сынға түседі.
Команда сапында Никола Кончи, Клеман Шампуссан, Кристиан Скарони, Марко Шреттль, Диего Улисси, Симоне Веласко және Николя Винокуров бар.
Жарысқа шығатын құрамды жариялаған ұжымда қазақстандық шабандоз Николя Винокуровтың есімі де көрсетілді.
Айта кетейік, бүгін Тоскананың Ларчиано қаласында өткен «Гран-при Индустрия и Артиджанато» бәсекесінде «XDS Astana Team» өкілі Кристиан Скарони екінші орын алған еді.