weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Жаңалықтар 26
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Анастасия Городко Австриядағы FIS Open турнирінде алтын жеңіп алды

Қазақстандық фристайл-могул шебері Анастасия Городко Австриядағы Хинтертукс мұздығындағы FIS Open турнирінде жеңімпаз атанды. Ол финалда 74,04 балл жинап, ең жоғары нәтиже көрсетті.

Анастасия Городко Австриядағы FIS Open турнирінде алтын жеңіп алды Анастасия Городко Австриядағы FIS Open турнирінде алтын жеңіп алды
Sports.kz

Қазақстан құрамасының фристайл-могул өкілі Анастасия Городко Австрияның Хинтертукс мұздығында өткен FIS Open халықаралық турнирінде жеңіске жетті.

Городко әйелдер бәсекесінде 74,04 балл жинап, қарсыластарын артта қалдырды. Екінші орын жапониялық Мио Таниға бұйырды — 71,41 балл. Үштікті тағы бір жапон спортшысы Марин Ито түйіндеді, оның еншісінде 70,66 балл бар.

Бұл сында Қазақстан атынан Юлия Феклистова мен Юлия Мокина да бақ сынады. Феклистова 52,55 баллмен 13-орынға тұрақтаса, Мокина 25,63 баллмен 22-сатыда жарысты аяқтады.

Ерлер арасындағы жарыста қазақстандықтардан ең үздік нәтиже Павел Колмаковқа тиесілі болды — ол 72,34 баллмен сегізінші орын алды. Фёдор Бугаков 66,49 баллмен оныншы, Максим Емельянов 65,69 баллмен 11-орын, ал Семён Русаков 62,60 баллмен 13-сатыға жайғасты.

Сондай-ақ Даниил Коротков 20-орын, Ильнар Ибрагимов 21-орын, Алексей Дегтярёв 24-орын және Дмитрий Пятаков 43-орын иеленді. Ерлер жарысында жапониялық Такэто Нисидзава топ жарды — 79,63 балл. Одан кейін оның отандасы Иккэй Фудзимура 78,54 баллмен екінші, ал Рёма Хаяси 75,56 баллмен үшінші орын алды.

.

Көп оқылды:

.
.