Норвегиялық гроссмейстер Магнус Карлсен Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан Total Chess World Championship Tour Pilot 2026 турнирінде қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаеваға қарсы партияға екінші рет қатыспады.
Бұл оқиға 17–20-орындар үшін өткен қарсыластықтың екінші ойнау күнінде болды. Карлсен блиц форматындағы төрт партияның бәрінде жеңіске жетіп, рапидте бір ойында ұтып, екеуінде тең түсті. Классикалық жылдам шахматтағы соңғы партия алдында норвегиялықтың жалпы есебі 10:2 болып тұрды.
Алғашқы ойын күні де Карлсеннің жеңісімен аяқталған еді — ол кезде есеп 11,5:8,5 болды. Сондықтан соңғы партиядағы кез келген нәтиже оның жалпы жеңісіне әсер етпейтін.
Дегенмен 16-шы әлем чемпионы тағы да тақтаға отырмады. Асаубаева ақ тастармен алғашқы жүрісті жасағаннан кейін оған техникалық жеңіс берілді.
Кеше де Карлсен классикалық партиядан бас тартқан болатын. Бұған норвегиялық шахматшының ФИДЕ рейтингін қорғауға мән беруі, классикалық шахматтағы көрсеткішін 2800 ұпайға жақындатуы себеп болуы мүмкін деген болжам бар.