weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Күрес 23
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Илия Топурия Усман Нұрмағомедовтың полицияға ұсталғанын мәлімдеді

Испания-грузин жауынгері Илия Топурия Абу-Дабидегі қонақүйде болған төбелестен кейін Усман Нұрмағомедов пен оның қасындағы адамдардың полицияға жеткізілгенін айтты. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Илия Топурия Усман Нұрмағомедовтың полицияға ұсталғанын мәлімдеді Илия Топурия Усман Нұрмағомедовтың полицияға ұсталғанын мәлімдеді
Sports.kz

Испания-грузин жауынгері, UFC-дің екі салмақтағы бұрынғы чемпионы Илия Топурия Усман Нұрмағомедовтің Абу-Дабидегі қонақүйде болған төбелестен кейін полицияға ұсталғанын хабарлады.

Топурияның айтуынша, Нұрмағомедовпен бірге оның жанында болған адамдар да қолға түскен. Бірақ бұл мәлімет әзірге ресми түрде расталмаған.

Бұған дейін Топурия жанжал сәті түсірілген видеоны жариялаған. Ал UFC-дің жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы Мераб Двалишвили Нұрмағомедов пен оның достары қонақүй холлында өзіне және қасындағы адамға шабуыл жасағанын айтқан.

Двалишвили 14 қарашада Абу-Дабиде бразилиялық Марлон Мораеспен RAF турниріндегі жекпе-жекке шығуы керек.

.

Көп оқылды:

.
.