weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Күрес 18
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Любовь Юн Дакардағы жастар Олимпиадасында қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық таэквондошы Любовь Юн IV жазғы жастар Олимпиадасында қола жүлдеге ие болды. Ол жартылай финалда Сербия өкілі Эма Зечировичке есе жіберді.

Любовь Юн Дакардағы жастар Олимпиадасында қола медаль жеңіп алды Любовь Юн Дакардағы жастар Олимпиадасында қола медаль жеңіп алды
Sports.kz

Қазақстан құрамасының таэквондо шебері Любовь Юн Дакарда өтіп жатқан IV жазғы жастар Олимпиадасында қола медаль иеленді.

63 килограмнан жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық спортшы жартылай финалда сербиялық Эма Зечировичпен күш сынасты. Кездесу 2:0 есебімен Зечировичтің пайдасына аяқталды. Бірінші раундта Юн 4:18, екіншісінде 4:14 есебімен жеңілді.

Жарыс ережесіне сәйкес, жартылай финалда жеңілген екі спортшы да қола медаль алады. Осылайша, Любовь Юн Олимпиаданы үшінші орынмен аяқтады.

Финалға дейін қазақстандық таэквондошы екі мәрте жеңіске жетті. Ол алғашқы жекпе-жекте норвегиялық Сара Наташа Фемер-Педерсенді 2:0 есебімен ұтса, ширек финалда бразилиялық Рафаэла Мейреллес да Костаны дәл осындай есеппен тізе бүктірді.

Осы медаль Қазақстан құрамасының жастар Олимпиадасындағы төртінші жүлдесіне айналды. Бұған дейін дзюдошы Фатима Супыгалиева 52 келіге дейінгі салмақта және велошабандоз Аньел Ташбай алтын медаль алған. Ал триатлоншы Рамазан Айнегов ел қоржынына бір қола медаль салды.

.

Көп оқылды:

.
.