weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Жаңалықтар 18
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Любовь Юн жастар Олимпиадасының ширек финалына өтті

Қазақстандық таеквондошы Любовь Юн Дакардағы жастар Олимпиадасын сенімді жеңіспен бастады. Ол алғашқы айналымда норвегиялық Сара Наташа Фемер-Педерсенді айқын басымдықпен ұтты.

Любовь Юн жастар Олимпиадасының ширек финалына өтті Любовь Юн жастар Олимпиадасының ширек финалына өтті
Sports.kz

Қазақстан ұлттық құрамасының таэквондо шебері Любовь Юн Сенегалдың астанасы Дакарда өтіп жатқан IV жазғы жастар Олимпиадасында жарысты сәтті бастады.

63 килограмнан жоғары салмақ дәрежесінде бақ сынаған Юн алғашқы кездесуінде Норвегия өкілі Сара Наташа Фемер-Педерсенді жеңді.

Кездесу екі раундқа созылып, қазақстандық спортшы 2:0 есебімен басым түсті. Раундтардың нәтижесі — 17:1 және 15:0.

Осы жеңістің арқасында Любовь Юн жарыстың ширек финалына жолдама алды.

Енді қазақстандық таеквондошының келесі қарсыласы — Бразилия спортшысы Рафаэла Мейреллес да Коста.

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының қоржынында екі алтын және бір қола медаль бар. Үш жүлдемен ұлттық құрама жалпы медаль кестесінде 28-орында тұр.

.

Көп оқылды:

.
.