weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Хоккей 20
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Фазель Ресей құрамасы жіберілмесе, жастар чемпионаты тоқтауы мүмкін деді

Халықаралық хоккей федерациясының бұрынғы президенті Рене Фазель Ресей құрамасын турнирге жіберу мәселесі шешілмесе, 2027 жылғы жастар әлем чемпионатының өтпеуі де мүмкін екенін айтты. Турнир Канаданың Эдмонтон және Ред Дир қалаларында өтуі тиіс.

Фазель Ресей құрамасы жіберілмесе, жастар чемпионаты тоқтауы мүмкін деді Фазель Ресей құрамасы жіберілмесе, жастар чемпионаты тоқтауы мүмкін деді
Sports.kz

Халықаралық хоккей федерациясының бұрынғы президенті Рене Фазель 2027 жылғы жастар әлем чемпионаты Ресей құрамасының турнирге қатысуына қатысты мәселе шешілмесе, тоқтатылуы мүмкін екенін айтты.

Сәрсенбі күні TSN арнасы Канада үкіметі Канада хоккей федерациясы мен IIHF-ке ресейлік хоккейшілерге алдағы жастар әлем чемпионатына виза берілмейтінін ресми түрде хабарлағанын жазды. Ал Ресей хоккей федерациясы IIHF-ке хат жолдап, Ресей құрамасын турнирге жіберуді немесе жарысты Канададан басқа елге көшіруді талап еткен.

Фазель бұл жағдайға қатысты: «Мәселе – мұндай қысқа мерзімде турнирді өткізуге дайын жаңа ел табыла ма, жоқ па», – деді.

Оның айтуынша, АҚШ нұсқасы да қарастырылуы мүмкін, бірақ мұны жүзеге асыру өте қиын болмақ. «Соңында олар шешім таба алмаса, турнирді кейінге қалдыруға мәжбүр болады», – деді ол.

2027 жылғы жастар әлем чемпионаты 26 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында Канаданың Эдмонтон және Ред Дир қалаларында өтуі керек.

.

Көп оқылды:

.
.