Абу-Дабиде (БАӘ) дзюдодан Grand Slam сериясы аясында Қазақстанның қос татами шебері Елдос Сметов пен Талғат Орынбасар қола медаль үшін өзара белдесті.
60 келіге дейінгі салмақта өткен кездесуде Талғат Орынбасар басым түсіп, Елдос Сметовті 1:10 есебімен жеңді. Осылайша, қола жүлде Орынбасарға бұйырды.
Сметов медаль үшін өтетін белдесуге дейін тәжікстандық Меҳрзода Суфиев пен қытайлық Ма Юлинді жеңді. Ал ширек финалда әзербайжандық Балабей Ағаевтан ұтылып, жұбаныш белдесуінде украиналық Артем Лесюкті тізе бүктірді.
Орынбасар өз кезегінде ресейлік Турпал Хабибулаев пен британдық Чарли Эйрді жеңіп, жартылай финалда тәжікстандық Лоик Құдбудиновтан жеңілді.
Елдос Сметов — Париж-2024 Олимпиадасының чемпионы, Рио-2016 ойындарының күміс жүлдегері, Токио-2020 Олимпиадасының қола жүлдегері әрі 2015 жылғы әлем чемпионы. Талғат Орынбасар бұған дейін 2025 және 2026 жылдары Астанада өткен Grand Slam турнирлерінде екі рет күміс медаль алып, биыл Тбилисидегі кезеңде қола жүлдеге ие болған.