10 қазанда Бакуде өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан атынан екі спортшы сынға түседі.
Бұл күні татамиге Акерке Рамазанова мен Камила Берликаш шығады. Екеуі де 78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде белдеседі.
Рамазанованың алғашқы қарсыласы — мысырлық дзюдошы Сафа Солиман. Ал Берликаш алғашқы айналымда Бельгия өкілі Габриэле Бувье-мен кездеседі.
Әлем чемпионаты 4 қазанда басталып, 11 қазанға дейін жалғасады. Жарыста барлығы 15 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Айта кетейік, Баку дзюдодан әлем біріншілігін екінші рет қабылдап отыр. Бұған дейін мұндай жарыс бұл қалада 2018 жылы өткен.