weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Жаңалықтар 11
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстан батут гимнастикасынан әлем чемпионатына құрамын жариялады

5-8 қараша күндері Қытайдың Нанкин қаласында батут гимнастикасынан әлем чемпионаты өтеді. Қазақстан бұл додаға бес спортшысын апарады.

Қазақстан батут гимнастикасынан әлем чемпионатына құрамын жариялады Қазақстан батут гимнастикасынан әлем чемпионатына құрамын жариялады
Sports.kz

5-8 қараша аралығында Қытайдың Нанкин қаласында батут гимнастикасынан әлем чемпионаты өтеді. Бұл жарысқа Қазақстан құрамасы бес спортшымен қатысады.

Халықаралық гимнастика федерациясы жариялаған алдын ала өтінімге сәйкес, ұлттық құрама сапында Роман Барков, Данил Мусабаев, Никита Тумаков, Ерлан Тасмағамбетов және Виктория Бутолина бар.

Ерлан Тасмағамбетовтің де әлем чемпионатына қатысатын спортшылар қатарында болуы назар аударарлық. Ол жуырда Жапонияда өткен 2026 жылғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алған еді.

Жарысқа қатысатын түпкілікті тізім өзгеруі мүмкін.

.

Көп оқылды:

.
.