weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Күрес 12
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Нұрданат Айтанов Украина өкілін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Лас-Вегаста өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатында Нұрданат Айтанов 1/8 финалда украиналық Андрей Шокалюкті жеңді. Қазақстандық балуан 7:4 есебімен басым түсіп, жүлде үшін күресін жалғастырады.

Нұрданат Айтанов Украина өкілін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті Нұрданат Айтанов Украина өкілін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті
Sports.kz

Лас-Вегаста (АҚШ) өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатында қазақстандық еркін күрес шебері Нұрданат Айтанов ширек финалға жолдама алды.

61 келіге дейінгі салмақта күрескен Айтанов 1/8 финалда Украина өкілі Андрей Шокалюкпен белдесті. Кездесу қазақстандық балуанның 7:4 есебімен жеңісімен аяқталды.

Осы нәтижеден кейін Нұрданат өз салмағында үздік сегіз спортшының қатарына енді. Енді ол жартылай финалға шығу үшін келесі белдесуін өткізеді.

Әлем біріншілігі 12-18 қазан аралығында өтіп жатыр. Жарыс бағдарламасына еркін, грек-рим және әйелдер күресі кіреді.

.

Көп оқылды:

.
.