weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:20 / SportRoom / Волейбол 9
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстанның әйелдер волейбол құрамасы Азиадада Филиппинді ұтып, ширек финалға өтті

Жапонияның Аичи мен Нагоя қалаларында әйелдер арасындағы волейбол жарысы басталып, Қазақстан құрамасы алғашқы матчында Филиппинді жеңді. Осы нәтижеден кейін ұлттық команда бірден ширек финалға жолдама алды.

Қазақстанның әйелдер волейбол құрамасы Азиадада Филиппинді ұтып, ширек финалға өтті Қазақстанның әйелдер волейбол құрамасы Азиадада Филиппинді ұтып, ширек финалға өтті
Sports.kz

Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында әйелдер арасындағы волейбол жарысы басталды. Қазақстан құрамасы бұл турнирде В тобында өнер көрсетіп жатыр.

Алғашқы ойында қазақстандық волейболшылар Филиппин құрамасымен кездесіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Кездесу партиялары 27:29, 26:24, 25:23, 25:19 есебімен аяқталды.

Осы жеңістің арқасында Қазақстанның әйелдер құрамасы бірден ширек финалға өтті.

Ұлттық команда сапында Айгүл Мүлкібаева, Жанна Сыроешкина, Ирина Кузнецова, Кристина Белова, Маргарита Бельченко, Мадина Бекет, Наталья Хазова, Перизат Нұрбергенова, Полина Уфимцева, Татьяна Никитина, Татьяна Яцкив және Юлия Фоменко бар.

18 қыркүйекте Қазақстан құрамасы Қытай командасымен кездеседі. Қытай волейболшылары бұған дейін Филиппинді 3:0 есебімен ұтқан еді.

.

Көп оқылды:

.
.