weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:20 / SportRoom / Күрес 8
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Хамзат Чимаев Стрикленд пен Имавов жекпе-жегіне болжам жасады

Хамзат Чимаев Шон Стрикленд пен Нассурдин Имавов арасындағы ықтимал титулдық айқасқа қатысты пікір білдірді. Оның ойынша, техникалық тұрғыдан Имавовтың мүмкіндігі жоғары, бірақ төзімділік шешуші рөл атқаруы мүмкін.

Хамзат Чимаев Стрикленд пен Имавов жекпе-жегіне болжам жасады Хамзат Чимаев Стрикленд пен Имавов жекпе-жегіне болжам жасады
Sports.kz

UFC-дің бұрынғы орта салмақ чемпионы Хамзат Чимаев Шон Стрикленд пен Нассурдин Имавов арасындағы ықтимал титулдық жекпе-жекке өз болжамын айтты. Бұл айқас жыл соңына қарай өтуі мүмкін.

Чимаевтың пікірінше, кездесу оңай болмайды. Ол Имавов алғашқы жекпе-жектен бері соққы алмасуда күшейді деп есептейді және француз спортшысының Стриклендтен басым түсуіне үміт артатынын жеткізді.

«Бұл ауыр жекпе-жек болады, бірақ Имавов алғашқы кездесуден бері соққы техникасын жақсартып, Стриклендтен басым түсер деп сенемін. Шон өте төзімді, егер ол Имавовты шаршатып үлгерсе, онда қиын болады. Егер Имавов төзімділік жағынан жақсы болса, техникалық тұрғыдан ол Стриклендтен әлдеқайда мықты деп ойлаймын. Шынын айтқанда, техникалық жағынан Шоннан мықты емес боец аз. Мен жекпе-жекке дейін мың рет ойша осы айқасты елестеттім, тіпті жеңілуім мүмкін екенін де елестете алмадым», — деді Чимаев Адам Зубайраевқа берген сұхбатында.

Бұған дейін жақын дереккөздер Шон Стрикленд пен Нассурдин Имавов арасындағы титулдық жекпе-жек әзірленіп жатқанын, тіпті UFC 335 турнирінің басты айқасы болуы мүмкін екенін хабарлаған. Турнир 12 желтоқсанда Лас-Вегаста өтуі тиіс, алайда бұл кездесу әзірге ресми түрде жарияланған жоқ.

.

Көп оқылды:

.
.