Шавкат Рахмонов 2027 жылдың қаңтарында UFC-ге қайта оралмайды. Қазақстандық спортшының командасы алдағы айға жоспарланған жекпе-жек болмайтынын жеткізген.
Инсайдер Kevin таратқан мәліметке сәйкес, Рахмоновтың менеджері Дэниел Рубенштейн жартылай орта салмақтағы қазақстандық файтердің бірінші айда октагонға шықпайтынын айтқан.
Shavkat Rakhmonov Will NOT Be Returning In January 📰: Danny Rube (Manager) деген жазба да осы ақпаратты нақтылай түсті.
Рахмонов соңғы кездесуін 2024 жылдың 7 желтоқсанында UFC 310 турнирінде өткізді. Ол ирландиялық Иэн Мачадо Гэрриді бес раунд қорытындысы бойынша төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді.
Бұл оның кәсіби мансабындағы алғашқы ұпаймен келген жеңісі болды. Бұған дейінгі 18 жекпе-жегінің бәрін Шавкат мерзімінен бұрын аяқтаған.