weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:20 / SportRoom / Хоккей 4
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Швеция, Финляндия және Чехия Ресей оралса, хоккей турнирлерін бойкоттауы мүмкін

Хоккей жөніндегі халықаралық кеңесші Шимон Шемберг Ресей құрамасы қайта оралса, Швеция, Финляндия және Чехия турнирлерге қатыспайтынын айтты. Оның сөзінше, бұл елдердегі жанкүйерлер мен БАҚ қысымы өте күшті болады.

Швеция, Финляндия және Чехия Ресей оралса, хоккей турнирлерін бойкоттауы мүмкін Швеция, Финляндия және Чехия Ресей оралса, хоккей турнирлерін бойкоттауы мүмкін
Sports.kz

Хоккей жөніндегі халықаралық кеңесші Шимон Шемберг Ресей құрамасы әлемдік аренаға қайта оралса, Швеция, Финляндия және Чехия турнирлерді бойкоттауы мүмкін екенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, егер сот Ресейдің пайдасына шешім шығарса, аталған үш ел жарыстарға қатысудан бас тартуы ықтимал. Шемберг мұндай қадамға сол мемлекеттердегі БАҚ пен жанкүйерлердің үлкен наразылығы себеп болатынын атап өтті.

«Егер сот Ресейдің пайдасына шешім шығарса, Швеция, Финляндия және Чехия турнирлерді бойкоттайды деп сенемін. Бұл елдердегі БАҚ пен жанкүйерлердің наразылығы соншалықты үлкен болады, олар жарысқа қатыса алмайды», — деді ол.

Шемберг Халықаралық шайбалы хоккей федерациясында 15 жыл жұмыс істеген.

Ресей құрамасы IIHF аясындағы халықаралық турнирлерден 2022 жылдың ақпанында шеттетілді. Кейін Ресей хоккей федерациясы бұл шектеуге бірнеше рет шағым түсірді, ал 31 тамызда 2026/2027 маусымына дейінгі тыйымды ұзарту шешіміне қарсы жедел апелляцияны Спорттық арбитраж сотына (CAS) жіберді.

Егер CAS қазан айының соңында өтетін тыңдауларда талапты қанағаттандырса, Ресей командалары 2026/2027 маусымында қайта оралуы мүмкін.

.

Көп оқылды:

.
.