Швейцарияның Лозанна қаласындағы Спорттық арбитраж сотында (CAS) Ресей хоккей құрамаларын халықаралық турнирлерден шеттетуге қатысты істің қаралуы басталады.
Тыңдау 23 қазанда сағат 11:00-де өтеді. Іс бойынша шешім сол күні жарияланбайды, үкімнің келесі аптада белгілі болуы күтіледі.
Ресей хоккей федерациясы CAS-қа 31 тамызда шағым түсіріп, Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының (IIHF) Ресей құрамаларын 2026/2027 маусымына дейін шеттету туралы шілдедегі шешіміне қарсы шыққан.
Шағымның негізінде қауіпсіздікке қатысты шектеулер мен Халықаралық олимпиада комитетінің ұсынымдарына байланысты туындаған келіспеушілік бар. Ресей тарапы бұл себептерді бұрын ұйымның тәртіптік кеңесі алып тастағанын алға тартып отыр.