Фарер аралдарының ұлттық құрамасы Қазақстанға қарсы өтетін Ұлттар лигасы матчы үшін шақырылған ойыншылар тізімін жариялады.
Қақпашылар қатарында Бардур а Рейнатрёд («Викингур»), Маттиас Хединссон Ламхауге («Стрёмсгодсет», Норвегия) және Ари и Харальдстову Петерсен (ИБВ, Исландия) бар.
Қорғаныс шебіне Гуннар Ватнхамар («Вайле», Дания), Андриас Эдмундссон («Верона», Италия), Одмар Ферё («КИ Клаксвик»), Самуэль Чуквуди («Рид», Австрия) және тағы басқа футболшылар енгізілді. Ал жартылай қорғаушылар арасында «Қызылжардың» ойыншысы Йоханнес Бьорталид те бар.
Шабуыл шебіне Петур Кнудсен («НСИ Рунавик»), Адриан Юстинуссен («Хорсенс», Дания) және Полль Андрассон Клеттскард («КИ Клаксвик») шақырылды. Фарер аралдары — Қазақстан кездесуі 26 қыркүйекте Торсхавнда өтеді.