Халықаралық олимпиада комитеті (МОК) Халықаралық конькишілер одағының (ISU) Ресей мәнерлеп сырғанаушылары Камилә Валиева мен Марк Кондратюктің бейтарап мәртебеден айырылуына қатысты апелляцияларын қанағаттандырмау шешіміне баға бермеді.
МОК өкілдері бұл мәселеге қатысты пікір білдіргісі келмейтінін айтып, сұрақты ISU-ге қою қажет екенін жеткізді.
«Бұл сұрақ бойынша ISU-ге жүгіну керек»
Бұған дейін ISU Валиева, Кондратюк, Александра Степанова және Иван Букин бейтарап спортшы ретінде жарыстарға қатысу талаптарына сай келмейді деген шешім шығарған болатын.