Ассоциация летних олимпиялық халықаралық федерациялары (ASOIF) қазақстандық Геннадий Головкин басқаратын World Boxing ұйымының басқару сапасын жоғары бағалады.
Ұйымға берілген соңғы баға 152 балл болды. Бұл 2026 жылдың наурыз айында тіркелген 117 баллмен салыстырғанда едәуір жоғары көрсеткіш.
Головкин World Boxing тізгінін 2025 жылдың 23 қарашасында ұстады. Осылайша, ол халықаралық спорт құрылымын басқарған алғашқы қазақстандық атанды.
Оның басшылығы кезінде ұйым жаңа ұлттық федерациялар есебінен құрамын кеңейте түсті. Сондай-ақ бокстың 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасында сақталып қалуы да осы кезеңдегі маңызды жетістік саналады.
Головкиннің қазіргі өкілеттік мерзімі үш жылға есептелген. Егер ол қайта сайлауға түсуге шешім қабылдамаса, 2028 жылдың соңында қызметінен кетеді.