weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Күрес 8
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Хамзат Чимаев Лас-Вегаста Робби Лоулерді алғашқы раундта ұтты

ОАЭ атынан сынға түсетін Хамзат Чимаев Лас-Вегаста өткен RAF 14 турнирінде америкалық Робби Лоулерден басым түсті. Жекпе-жек бірінші раундта 9:0 есебімен аяқталды.

Хамзат Чимаев Лас-Вегаста Робби Лоулерді алғашқы раундта ұтты Хамзат Чимаев Лас-Вегаста Робби Лоулерді алғашқы раундта ұтты
Sports.kz

ОАЭ атынан өнер көрсететін Хамзат Чимаев Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өткен RAF 14 турнирінде америкалық Робби Лоулермен кездесіп, сенімді жеңіске жетті.

Тараптардың белдесуі аралық салмақта өтті. Чимаев қарсыласын бірінші раундта 9:0 есебімен тізе бүктірді.

Чимаев бұған дейін 18 қыркүйекте де RAF лигасының турнирінде өнер көрсетіп, бразилиялық Гилберт Бернсті техникалық басымдықпен жеңген еді.

44 жастағы Робби Лоулер болса UFC-дегі мансабынан кейін алғаш рет белдесіп отыр. Оның соңғы жекпе-жегі 2023 жылдың шілдесінде өткен. Лоулер бұған дейін UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы болған.

.

Көп оқылды:

.
.