weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:20 / SportRoom / Жаңалықтар 5
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстанның паделден Азиада-2026 құрамасы жарияланды

Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылы Жапонияда өтетін Азия ойындарында паделден бақ сынайды. Команда сапында сегіз спортшы бар, олар екі ерлер және екі әйелдер жұбы болып өнер көрсетеді.

Қазақстанның паделден Азиада-2026 құрамасы жарияланды Қазақстанның паделден Азиада-2026 құрамасы жарияланды
Sports.kz

2026 жылғы Жапониядағы XX Азия ойындарында Қазақстанның паделден ұлттық құрамасы ел намысын қорғайды. Құрама сапы ресми түрде жарияланды.

Қазақстан атынан сегіз спортшы, яғни екі ерлер және екі әйелдер жұбы сынға түседі. Ерлер арасында бірінші жұпты Евгений Данилов пен Тимур Хабибулин, екінші жұпты Родион Пак пен Жақас Қозбақ құрайды.

Әйелдер құрамасында Альбина Хабибулина мен Мария Синицина бірінші жұп ретінде өнер көрсетеді. Екінші жұпта Айгерім Сүлеймен мен Татьяна Гиоргадзе болады.

XX Азия ойындары 2026 жылғы 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді. Падел жарыстары 28 қыркүйек пен 3 қазанға жоспарланған.

Айта кетерлігі, 2026 жылы падел Азия ойындары бағдарламасына алғаш рет медаль сарапқа салынатын спорт түрі ретінде енгізіледі.

.

Көп оқылды:

.
.