Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Багдат Сабаз 2026 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында белдесіп, жүлде жолындағы маңызды мүмкіндігін жоғалтты.
Ол жартылай финалға шығу үшін титулды ирандық Саид Эсмаилимен күш сынасты. Эсмаили — 2024 жылғы Олимпиада чемпионы, 2025 жылғы әлем чемпионы және Азияның екі дүркін чемпионы.
Белдесу 7:2 есебімен Иран балуанының пайдасына аяқталды. Осылайша, Саид Эсмаили жартылай финалға жолдама алды.
Бұған дейін Багдат Сабаз турнирде Қырғызстанның қазіргі Азия чемпионы Раззақ Бәйшекеевті жеңіп, кейін Болгария өкілі Абу-Муслим Амаевты кері қайтарумен тізе бүктірген еді.