weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:00 / SportRoom / Хоккей 5
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Барыс» КХЛ тарихындағы сирек жетістікті 13 жылдан кейін қайталады

Астаналық клуб жаңа маусымның алғашқы матчында «Сібірді» 7:1 есебімен ұтып, КХЛ тарихындағы ең ірі старттық жеңістердің бірі қатарына енді. Бұл нәтиже «Барысқа» 13 жыл бұрынғы көрсеткішті қайта жаңғыртуға мүмкіндік берді.

«Барыс» КХЛ тарихындағы сирек жетістікті 13 жылдан кейін қайталады «Барыс» КХЛ тарихындағы сирек жетістікті 13 жылдан кейін қайталады
Sports.kz

Астананың «Барысы» Құрлықтық хоккей лигасының тарихында бұрын тіркелген сирек нәтижені қайталады. Команда жаңа маусымдағы алғашқы ойында Новосібірдің «Сібірін» 7:1 есебімен тас-талқан етті.

Бұл жеңіс КХЛ тарихындағы маусым ашылуындағы ең ірі нәтижелердің бірі болып тіркелді. Қазір бұл көрсеткіш лигадағы ең үздік үш старттық жеңістің қатарына кіріп отыр.

КХЛ тарихындағы маусым басындағы ең ірі жеңістер:1. «Барыс» — «Югра» — 10:1 (2013 жыл);2. «Медвешчак» — ЦСКА — 7:1 (2013 жыл);3. «Барыс» — «Сібір» — 7:1 (2026 жыл).

Осылайша, астаналық клуб 13 жылдан кейін тағы да тарихи нәтижеге қол жеткізді. Ал лиганың абсолютті рекорды әлі күнге дейін «Барыстың» 2013 жылы «Юграны» 10:1 есебімен жеңген ойыны болып қала береді.

.

Көп оқылды:

.
.