«Арсенал» «Ньюкасл Юнайтедтің» капитаны, Бразилия жиынтығының ойыншысы Бруну Гимарайысты сатып алу бойынша ұзаққа созылған келіссөздерді аяқтауға жақындады. Тараптар арасында түпкілікті келісімге қол жеткізу мерзім мәселесі ғана болып қалды.
Гимарайыс қазір Испаниядағы Ла-Мангада «Ньюкасл» командасының жиынында жүр және клубтан Лондонға аттанып, ауысу рәсімдерін толықтыруға рұқсат күтіп отыр. «Арсенал» тарапы осы аптада ойыншының медициналық тексерісін өткізуге дайындалып жатыр.
Мәміле сомасы ресми түрде жарияланбаса да, көздер трансфер құнының шамамен 80 миллион фунт стерлингке жетуі мүмкін екенін хабарлайды.
28 жастағы жартылай қорғаушы 2022 жылы «Лионнан» «Ньюкаслға» ауысқан болатын. Ол Микель Артетаның ортаңғы қатардағы басты нысанасына айналды әрі «Арсеналға» ауысуға дайын екенін жасырмай білдірген.
«Ньюкасл» мен «Арсенал» тараптары осы апта бойы мәмілінің егжей-тегжейлі шарттарын талқылап келді. Қазір түпкілікті келісім тек формальды рәсімге айналды деп есептеледі.