weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Футбол 16
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

КФФ келесі маусымда КПЛ-дағы легионерлер лимитін өзгертпейді

Қазақстан футбол федерациясы келесі маусымда Премьер-лига клубтары үшін қолданыстағы легионерлер лимитін сақтап қалмақ. Қазір бір командада ең көбі тоғыз шетелдік футболшыны тіркеуге болады.

КФФ келесі маусымда КПЛ-дағы легионерлер лимитін өзгертпейді КФФ келесі маусымда КПЛ-дағы легионерлер лимитін өзгертпейді
Sports.kz

Қазақстан футбол федерациясы келесі маусымда Қазақстан Премьер-лигасы клубтары үшін легионерлер лимитін өзгертпейтін болды.

Қолданыстағы тәртіп бойынша, КПЛ командалары бір маусымға ең көп дегенде тоғыз шетелдік футболшыны тіркей алады.

Дегенмен бұл мәселе түбегейлі жабылған жоқ. Федерация Премьер-лига клубтарының пікірін жинап, әр командадан ұсыныс алған және лимитті алдағы уақытта қайта қарауды жоспарлап отыр.

Легионерлерге қатысты қазіргі шектеу КФФ Атқару комитеті тарапынан 2023 жылдың желтоқсанында бекітіліп, 2024 жылғы маусымнан бастап күшіне енген.

.

Көп оқылды:

.
.